«Отырар» медиахолдингі ашық есік күніне шақырады

358
Жазылушылар күні "Отырар" телеарнасының кең ғимаратында өтіп жатыр

«Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат»және «Рабат» газеттері облыс жұртшылығын 9 маусымда өтетін ашық есік күніне шақырады.

Ашық есік күні – біздің медиахолдинг ұжымының ұйымдастыруымызбен жыл сайын өтетін дәстүрлі мереке. Бұл күні оқырмандар «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттеріне екінші жарты жылдыққа жазыла алады. Іс-шара телеарна ғимаратында 9 маусым күні таңғы сағат 8:30-да басталып, түске дейін жалғасады.

Қонақтарымызға арнап отандық тауар өндірушілердің өнімдері сатылатын дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. Барлық жазылушылар медициналық қызметкерлердің тегін тексеруінен өтеді. Күннің бірінші жартысында (сағат 13:00-ге дейін) медиахолдинг фойесінде қаланың коммуналдық қызмет, ХҚКО, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы мамандарынан кеңес алуға болады.