Оңтүстіктің полицейлері 47 жастағы жергілікті тұрғыннан 1,5 келіден асатын есірткі затын тәркіледі. 2016 жылдың 24 маусымы күні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ірі көлемдегі есірткі затын сақтаумен айналысады деген күдікпен 1969 жылы туған Сайрам ауданының тұрғынын ұстады.
Күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер 6 полиэтиленді орамадағы марихуана тапты. Сот-криминалды сараптамасына сай, тәркіленген заттың салмағы 1,5 келіден асатыны белгілі болды.
Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 296-бабымен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.