Шымкентке 2,5 миллион шетелдік қонаққа келген

174

009_24Шымкент туристік орталыққа айналып келеді. Былтырдың өзінде 2,5 миллион шетелдік шаһарға табан тіреп, көркіне қызығушылық танытқан. Нәтижесінде, облыс орталығының экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан.

Осындай статистканы тілге тиек еткен салаға жауаптылар енді «Этно Шымкент» бағытын дамытуды көздеп отыр.

Ол үшін бюджеттен қыруар қаржы да қаралған. Бүгін қаладағы барлық қонақ үй басшылары мен менеджерлерін жинаған кәсіпкерлік және туризмді дамыту бөлімінің мамандары семинар өткізіп, қонақжайлылықтың заманауи қырын үйретті.

Сондай-ақ, туристік агенттіктердің өкілдеріне азаматтарды шетел асыра бермей, қаланың тарихи әрі көрікті орындарына тартуға шақырды. Келушілердің көңілінен шығып, қызықты тур ұйымдастыруды өз міндеттеріне алған.