Арыс қаласындағы ұн диірменінде шығарылатын өнім көлемі ұлғайды. Енді мұнда тәулігіне 120 тонна бидай өңделеді. Оңтүстікте шығарылатын тауар жылдың соңына дейін шетелге жіберіледі деген жоспар бар.
Диірмендегі қондырғылардың көмегімен он бес минуттың ішінде ұн дайындалады. Автоматтандырылған аппарат жұмыстың +0 пайызын өзі атқарады. Қазір мұнда 10 адам жұмыс істейді. Диірменде тәулігіне 90 тонна ұн, 120 тонна бидай өңделіп шығады.
Бұл жобаның жалпы құны 163 млн теңгені құрайды. Алғаш кәсіпорын жұмысын өз күшімен бастаған. Диірменнің көлемін ұлғайту мақсатында серіктестік басшысы «Даму-Өндіріс-2» бағдарлама аясында несие алған. Бірақ, ұн өңдеуде бұл қаражат жетпепті. Тағы да көмек алуға әзір. Бірақ, жолына кедергі болатын тұстар көп. Дегенмен, диірменнің қуаттылығы өз қарқынында. Енді мұнда шығарылатын бидай мен ұн шет елге жіберілмек.