Бәйдібек ауданында 22 отбасы далада қалуы мүмкін. Суармалы жерге үй соғып алғандардың баспаналары сүрілетін болады. Оншақты жылдан бері жайбарақат өмір сүріп келген олар мұны білгенде әу баста көшіп келмес едік деп зар илеп отыр.
Көп балалы ана Ақмира Сарбекова жуырда 400 мың теңгеге құрылыс материалдарын сатып алған. Бұл маңайдағы үйлердің сүрілетінін естіген келіншек жөндеу жұмыстарына бастарын не бастамасын білмей дал. Қолымда жер телімімнің мемлекеттік актісінен басқа құжаттардың барлығы түгел дейді тұрғын. Соған қарамастан әупірімдеп салып алған баспанамды сүріп тасталмақ деп налиды.
Бұл уайым қазір бір бұл отбасын ғана емес, 22 шаңырақты алаңдатып отыр. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік өкілдері осыдан бір ай бұрын үйлердің бұзылатынын жеткізген. Содан бері қара халық күндіз-күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдық дейді. Суармалы жердің елдімекенге айналмайтынын білгенде үйді де шағын етіп салар едік деп ашынады жұртшылық.
Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, тұрғындардың қолда бар құжаттары сонау 200-2006 жылдары заңдастыру науқанында жасалған. Алайда, бұл жер телімдерінің санаты әлі күнге өзгертілмеген. Сондықтан мұндай нысандар заңсыз құрылыс болып есептеледі.
Кезінде қараусыз қалған суармалы жерге келіп, қоныстанған халық бұл маңайды енді-енді көгалдандырып жайқалтқандарын айтады. Он жылдай қаннер-қаперсіз жайбарақат өмір сүріп келе жатқан бір қауым ел көшіп барар жеріміз жоқ, мәселеміз шешілмесе, араша сұрап Елбасына хат жазамыз деп отыр.