«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз орталығында қоғамдық қабылдау бөлмесінің биылғы бірінші жарты жылдықта атқарған жұмысы жөнінде меңгерушісі есеп берді.
Есепті мерзімде қабылдау бөлмелеріне 4 219 арыз-шағым түскен. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардан түскен. Сонымен қатар баспана, жұмысқа орналасу, еңбек ақысын өндіру мәселелері, сот және құқық қорғау жүйесі бойынша келгендер де жеткілікті болған. Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тегін заңгерлік кеңестер ұйымдастырылған. Аумақтардағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында Төлеби, Отырар аудандарында көшпелі қоғамдық қабылдаулар өтті.
Берік Құлжанов, «Нұр Отан» ОҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі: «Жақында Отырар және Төле би аудандарында көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Онда 47 азаматтың өтініші қаралып, 19-ы оң шешімін тапты. Аумақтық филиалдар тарапынан өзекті мәселелерді шешу мақсатында 37 көшпелі қоғамдық қабылдау өтіп, онда 368 азаматтың өтініші қаралды, 123 өтініш оң шешімін тапты. Қалған өтініштерге заң аясында құқықтық кеңестер беріліп, бірқатары шешімін тапқанға дейін бақылауға алынды.»