Оңтүстікте жүз Нұрсұлтан «Нұрсұлтан ата» әнін орындады (видео)

462

Оңтүстікте Нұрсұлтан есімді жүз жеткіншек бір мезгілде «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Осынау айта жүрерлік оқиға Астана күнін атап өту кезінде болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Жан жүрегім – Астана!» салтанатты іс-шарасын бастап берген өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов аймақ жұртшылығын мейраммен құттықтады.

– Осы ширек ғасыр ішінде еліміздің 18 жылдық тарихы Астана атауымен тікелей байланысты. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – елімізді барынша нығайту және қарышты дамыту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Президент пен қазақстандықтардың ерен ерік-жігерінің нәтижесінде әлемдегі таңдаулы астаналармен сәулет жағынан бой теңестіре алатын осы заманғы озық мегаполис қалыптасып келеді, – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.

Іс-шара аясында «Астанаға арнау» поэтикалық композициясы оқылып, сахнаға Нұрсұлтан есімді 100 бала шығып, «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Сондай-ақ, думан соңы еліміздің эстарада жұлдыздарының әсем әніне ұласты.

[youtube]https://youtu.be/_1OKELth6Yo[/youtube]