«Петро Қазақстан Ойл продакс» компаниясының басшылығы «Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша үздік тәжірибе -2016» байқауын жариялады. Оған Оңтүстікте жұмыс істейтін кәсіпорындар қатыса алады. Арнайы жиын өткізіп, байқаудың шарттары бойынша түсініктеме берген ұжым белсенділері осылайша өзгелерге үлгі болуды көздейді.
Еңбек қауіпсіздігін арттырып, көрсеткіштерді жақсарту және апатсыз жұмыс жүргізу — «Петро Қазақстан Ойл Продакс» компаниясының негізгі бағыты. Өздеріндегі мол тәжірибені өзгелермен бөлісу үшін «Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша үздік тәжірибе -2016» байқауын ұйымдастырып отыр. Өндіріс орнының басшылығы облыстағы кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақырып, байқауға қатысуға кеңес береді.
Еңбек қауіпсіздігін сақтауға шақыратын дода аясында озық тәжірибелерді талдау және тарату, ең үздік тәжірибелерді насихаттау көзделген. Бүгінде байқауға қатысуға 38 компаниядан өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау тамыздың 20-на дейін жалғасады. Байқауға ұсынылған озық тәжірибелер өндірісте 1 тамызға дейін енгізілуі шарт.
Байқау қыркүйекте қорытындыланып, шарттарды толық орындаған жеңімпаз кәсіпорындар бағалы сыйлықпен марапатталады. «Петро Қазақстан Ойл продакс» компаниясы өндіріс барысында еңбек қауіпсіздігін міндетке алған кәсіпорындарды осылайша ынталадыруды жоспарлап отыр.