Шымкент 2020 жылға дейін ауызсу мен табиғи газбен толық қамтылады

524

марайымШымкент қаласының халқы сапалы ауызсу мен көгілдір отынға 2020 жылға дейін толықтай қол жеткізе алады. Коммуналды қызметтермен қамтуда облыс орталығына басымдық беріліп отыр.

Бұл туралы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында атқарылған шаруаларды қорытқан облыстық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлімдеді. Жиында саланың өзекті мәлелері де жан-жақты талқыланды.

Биыл облыста су құбыры мүлде жоқ 7 елдімекен сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді. Одан бөлек 14 ауылда тозығы жеткен құбырлар жаңартылатын болады. 2020 жылға дейін ауылдық елдімекендер 81 пайызы, қалалық елдімекендер түгелдей ауызсумен қамтылады.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, ел тәуелсіздігін алған жылдар аралығында халықты коммуналды қызметпен қамту жұмыстары кезең-кезеңмен іске асырылуда. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарды ортаға салған басқарма басшысы саладағы түйткілдерді де жасырмады. Айтуынша, өңірде тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасын қадағалайтын басқарушы орган жоқ. Соның салдарынан сапасыз құрылысқа жол беріліп, бағдарлама шарттарын тұрғындар жіті түсіне алмай дал.

Бүгінде облыста апатты жағдайда деп танылған 16 көп қабатты үй бар. Алайда жауаптылар әзірге олардың нақты қашан жөнделетінін дөп басып айта алмай отыр. Сала басшысының сөзіне сенсек, бұдан бөлек облыста 3000-нан аса үйдің жартысына жуығы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, халықты көгілдір газбен қамту шаралары 2021 жылға дейін қарқынды іске асырылатын болады. Осы уақыт аралығында 386 елдімекен табиғи отынға қол жеткізе алады. Ал экономикалық әлеуеті төмен елдімекендер үшін табиғи газдың ауылы алыс. Жауаптылар бұл жұмыстарға 2021 жылдан кейінге ғана кірісеміз деп отыр.