Шымкентте үш жасар баланың ата-анасы табылды. Бүлдіршіннің анасы Әл Фараби полиция бөліміне келіп, ұлын алып кеткен.
Анасының айтуынша, осы ұлы мен ағасын аулада бірер минутқа қалдырып, өзі дүкенге кіріп кетіпті. Санаулы уақыттың өзі жеткілікті болса керек, бүлдіршін ағасынан қашып кетіпті. Содан кейін қайтар жолынан адасып қалған болуы әбден мүмкін.