//
Жаңалықтар 

Шымкенттің үйлері граффитимен сәнделді

Шымкент күн санап шырайлана түсуде. Оған қонақтар мен жерлестеріміз атсалысуда. Мәселен, Нұрсәт шағынауданындағы үйлердің қабырғасындағы суреттер осының дәлелі.

Алматыдан келген граффитишілер мен шымкенттік суретшілер бірлескен жобаны қолға алды. “Ұлы Жібек жолы” деп аталатын бастама аясында төрт үйдің сыртында жүк тиеген түйе мен салт атты жолаушының бейнесін көруге болады. Ал ерекше жобаны жүзеге асыруға қала әкімдігі қолдау білдірген.

Шымкенттің үйлері граффитимен сәнделді

Дмитрий, суретші: “Біздің мақсатымыз – Жібек жолын суреттеу. Алғашқыда бірнеше нұсқа болды. Кейін ойлана келе осындай тоқтамға келдік. Енді сол ойымызды жүзеге асырмақпыз. Мүмкін, дәл осы жерден Жібек жолы өткен болар.”

Шымкенттің үйлері граффитимен сәнделді

Бір аптадан бері тұрғын үйлердің сырт келбетін сәндеп жатқан граффитишілер енді бес күннен соң жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Айтуларынша, суреттерді нөсер жаңбыр мен қар, тіпті, Оңтүстіктің аптап ыстығы да өшіре алмайды. Бірнеше жыл бойы қаланың көркін ашып, тұрғындарға көңіл-күй сыйлайды.

Шымкенттің үйлері граффитимен сәнделді

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz