Тұрғындар көп жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Соның салдарынан төтенше жағдай туындағанда өздері зардап шегіп жатады. Төтенше жағдай департаментінің мамандары осылай дейді.
Биыл жыл басынан бері 84 адам түрлі апаттан опат болған. Ал 253 азамат зардап шеккен. Мамандар кез келген жан өрт, табиғи және техногендік сипаттағы апат кезінде өзін қорғай білуі тиіс дейді.
Шымкентте азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары арнайы оқу-жаттығу өткізді. Үш күндік оқу бағдарламасына аудандық білім басқармасының мамандары мен әкім орынбасарлары, кәсіпорын мүшелері қатысты. Тыңдаушылар өрт қауіпсіздігімен қоса химиялық радиацияны анықтау құралдарымен танысты. Қорғаныш киімдерін киіп, террористік акті кезінде әрекет ету мен алғашқы көмек көрсетудің жолдарын да үйренді.
Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, өңірде орын алып жатқан қайғылы жағдайлардың дені қауіпсіздік шаралардың сақталмауынан болады. Мәселен, түрлі апатты жағдай бойынша жыл басынан бері 84 адам қайтыс болып, 253 жан зардап шеккен. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда еселенген. Сондықтан оқу-жаттығу бағдарламасының маңыздылығы жоғары дейді мамандар.
Мамандар төтенше жағдайдың алдын алуға бақытталған шараларды әр 3 ай сайын өткізіп келеді. Бүгінге дейін түрлі саланың 2000-ға жуық қызметкері арнайы дәріс алып, қайта даярлаудан өтіпті.