Тағы екі адам суға ағып кетті

359
Тағы екі адам суға ағып кетті

Оңтүстікте екі адам суға кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдайдың бірі Арыс ауданы, Бестоғай ауылында орын алған. Елдімекен маңынан өтетін Сырдария өзеніне түскен 33 жастағы ер кісі суға ағып кеткен.

Тағы екі адам суға ағып кетті

 

Бұл жайында суыт хабар алып, іздеу жұмыстарын жүргізген құтқарушылар бүгін таңғы сағат 07:50-де марқұмның денесін тапты.

Ал Сарыағаш ауданында Келес өзеніне 35 жастағы жігіт абайсызда құлап кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан екен. Бірақ, азаматтың өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір қайғылы жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал осыдан бір ай бұрын Төлеби ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен 12 жасар баланы іздеу жұмыстары бүгін тоқтатылды. Төтеншеліктер жасөспірімнің денесін жиырма бес күн бойы іздестірген. Алайда, еш нәтиже бермепті. Куәгерлердің айтуынша, бала Сайрам су өзенінің маңында қой бағып жүріп, абайсызда суға түсіп кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлерінен бөлек ауыл тұрғындарынан құралған 50 ерікті өзеннің маңын іздеген.