Қазақстан шекарашылары сусабынға жасырылған дәрілерді тапты. Күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттардың арасына анальгетик тығылған, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бойында иесіз жатқан «Трамадол Ланнахер» дәрі-дәрмектері табылды. Барлығы 20 дана болатын дәрілерді «Сарыағаш» теміржол бекетінің шекарашылары анықтады.
Әсері өте күшті анальгетик халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырылған екен. Осыған байланысты шекарашылар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабар берді. Қазір тексеру жүруде.