Үкімет мүшелері түркістандықтармен кездесті

236
Үкімет мүшелері түркістандықтармен кездесті

Бүгінде Түркістан қаласында 3 000-ға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Шаһардың баспана мәселесін шешуге ел қазынасынан тиісті қаражат бөлінуде. Бұл туралы еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған үкімет мүшелерінің өңірге сапары кезінде айтылды.

Үкімет мүшелері түркістандықтармен кездесті

Іс-сапар барысын Қ.А.Ясауи мешітіне тәу етуден бастаған үкімет мүшелері алдымен халықпен кездесті. Тұрғын үйге мұқтаж түркістандықтар ә дегеннен баспана мәселесін алға тартты.

Қараша халықты көгілдір отын жайы да қатты алаңдатады. Түйткілді мәселені көтерген тұрғындарға жауаптылар бұл мәселе келер жылдан бастап мықтап қолға алынатынын айты. Жауаптылардың айтуынша, бірер жылда қала толықтай табиғи отынға қол жеткізетін болады.

Айта кетейік, келер жылдан бастап Яссауи кесенесінің аумағы жөндеуден өтеді. Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қожа Ахмет Яссауидің 580 жылдығына арналмақ. «Көне Түркістан» тұжырымдамасымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында реставрациялау-консервациялау жоспарланған. Ал ғимарат маңындағы үйлер туристік қызмет көрсету үшін пайдаланылмақ.