19 тамыз — Шымкент әкімінің тағайындалғанына 1 жыл

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент- келген қонақтардың кеткісі, кетсе ұмытқысы келмейтін қала! Былтыр дәл осы уақытта осындай ұранмен келген шаһар басшысы айтқанын орындай алды ма?

Ғабидолла Әбдірахымов алғаш тағайындалған күннен бастап, шымкентті тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды етіп көрсетуді көздеді. Тіпті, республикадағы мегополис қалалардың ішінде ең көріктісіне айналдыруға кіріскен болатын. Жас әкімнің жаңа идеяларын қолдағандар көп болды. Арада бір жыл өтті.

IMG_1067(1)

Ғабидолла Әбдірахымов — Оңтүстіктің тумасы. Бұған дейін бірнеше қызметтік сатыларда жемісті еңбек етіп, Елбасының сеніміне ие болған білікті азамат. Бір жылдан бері жұмысында жүктелген міндетті де абыроймен атқарып келеді. Мұны қала белсенділері де мойындап отыр. Шаһар басшысы келген күннен халыққа жағдай жасап, Шымкентті көркейту жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын айтқан болатын.

Халық алдында уәде беріп, шаһарды ірі мегаполистермен теңестіруге кіріскен Ғабидолла Рахматтуллаұлы жоспар түзді. Үш айда шаһарды дамытудың 2020 жылға дейінгі концепциясын жасап, қоғамдық талқылауға тастады.

m4ZmOY0IaTQ

Көпшіліктен оң бағасын алған даму концепциясы аясында «Ақылды қала» жобасы жүзеге аса кетті. Бірден «Шымкент сити» заманауи тұрғын және іскерлік орталығын салу жоспары қолдауға ие болды. Оған шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып жатыр. Қала әкімі шаһар жолдарын жөндеп, қала тазалығына аса мән берді. Бір жылдың ішінде қаладағы 98 көше жаңарып, жол қауіпсіздігі нығая түсті.

Қуатжан Жұматаев, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «2016 жылды атап айтатын болсам, көптеген істер атқарылды. Жол саласына 13 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұрын Шымкентке мұндай көңіл бөлінбеген еді. Біз үшін бұл — үлкен жетістік. Концепцияның бір саласы жолаушылардың көлігін дамыту болды. Концепцияға сәйкес бүгінгі таңда коммуналды-муниципиалдық парк салу жоспарланып отыр.»

Ал жуырда ғана іске асқан «Шымкент-байк» жобасы жалпы қалалықтардың көңілінен шықты. Көпшілік әкімнен үлгі алып, көліктерін тастады. Салауатты өмір салтын ұстанып, экологиялық ахуалды жақсартуға кірісті. Уәде еткендей әкімнің өзі велосипедке алғашқылардың бірі болып отырды. Қалада бұрын-соңды болмаған веложол салынды. «Шымкент байк» жобасын тұтынушылардың қатары артып, әкімнің атқарған ісіне оң бағасын беретіндер көбейді.

nrnr

Республикамызда үшінші қала атанған шырайлы Шымкенттің 14-әкімі келгелі қала көркейіп, саябақтар мен гүлзарлар абаттандырылды. Қошқар ата өзеніне келушілерге жағдай жасалды. Сонымен қатар, Шымкент экономикалық тұрақты, ыңғайлы, қауіпсіз әрі шырайлы ақылды қалаға айналып келеді.