Ардагерлер кеңесі ғимаратында жылу жоқ

Шымкенттегі ардагерлер кеңесі ғимаратының тапсырылғанына үш жыл толды. Қаланың қақ ортасынан берілген нысан Жеңістің 70 жылдығына тарту ретінде табысталған болатын.

Содан бері бұл нысанда түрлі шаралар өтіп, ардагерлер тынымсыз еңбек етіп келеді. Бұл ғимараттың ардагерлер үшін алар орны ерек. Бір мезгіл бас қосып, салиқалы сұхбат құрып, түрлі тақырыпты талқылайтын ордаға айналғалы үш жыл болған.

55555

Мұнда қарттар мағыналы жиындар өткізіп, тұрғындарды мазалайтын қаланың өзекті мәселелерін көтеріп, басшыларға жеткізеді. Сондай-ақ, жаны шахматқа құмар жандар үшін арнайы бөлме де қарастырылған. Бірақ, оның тарлығы талай уақытын таңдай қақтырарлық ойынмен өткізетін қарттардың жанына тиеді.

Нұрсейіт Ибрагимов, тыл ардагері: «Жаңа ғимаратта бір жылдай отырдық. Кейін бізге мына жеке тұрған бір бөлмелі ғимаратты берді. Мұнда жарық жоқ, суды өшіріп тастайды. Ал қыста тіптен отыра алмайсың, жылу да жоқ. Жаңа ғимарат бердік дейді де кейін өздері иеленіп қуып жібереді.»

Ғимаратта қарияларға барлық жағдай жасалғанымен, коммуналды сауалдары шешілмеген. Кеңес мүшелері өзекті мәселелерін тізбектеп, әкімдікке тапсырған. Алдағы уақытта оң шешімін табатынына сенімді.

Үрзада Айтөреева, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары: «Негізі бұл мекемені әу бастан-ақ ардагерлер кеңесінің кеңсесі есебінде берілген. Мұнда бұрын шахмат ойнауға арналған бөлме бар еді. Бірақ, оған 20-30 адам ғана сияды, ал қазір шахмат ойнайтын 100-ден аса ақсақалр бар. Сондықтан оларға бөлек бөлме бірілген. Біздің ардагерлер тарапынан барлық жағдай жасалған. Ал коммуналды мәселер қала әкімдігіне қарасты.»

Айта өтейік, облыста жиырма мыңға жуық қария дәл осы ардагерлер кеңесінің мүшесі. Оның ішінде кешегі коммунистік партия кезінде басшылық қызметін атқарған аға буын өкілдері де бар. Дені ардагерлермен тығыз байланыс жасап, қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүр.