Аз қамтылған оқушыларға көмек көрсетілуде

315

форммаааБүгіннен бастап облыста аз қамтылған отбасы балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында материалдық көмек көрсету акциясы басталды. Осыған дейін «Мектепке жол» атауымен ұйымдастырылып келген қайырымдылық шарасының биыл ұраны өзгерді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген акцияға биыл » Бақытты балалық шақ мекені» деген айдар тағылып отыр.

Қатарынан 8 жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында жыл сайын облыста орта есеппен 20 мыңнан астам балаға материалдық көмек беріледі. Былтыр бұл мақсатқа шамамен 230 млн теңге жұмсалған. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жыл өткен сайын балаларды мектепке дайындау шарасына атасылатын демеушілер көбейіп келеді. Кәсіпкерлерден өзге шарапатты іске әкім қаралар мен халық қалаулылары да қолқабыс жасауда.

Басқарма қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарды мектеп жасындағы балаларына өз бетінше киім-кешек сатып алмауға шақырады. Айта кетейік, елімізде бірегей мектеп формасы әлі күнге нақтыланбай отыр. Биыл да оқушылар әр мектеп басшылығының ата-аналармен кеңесе отырып ұсынған бірыңғай киім үлгісін киетін болады.

Ал балаңыздың киімін қайда тіктірсеңіз де өз еркіңіз. Ең бастысы — мектеп басшылығы бекіткен киім үлгісі сақталса болғаны. Айта кетейік, мектеп формасын білім ордаларында саудалауға тыйым салынады. Ал «Бақытты балалық шақ мекені» қайырымдылық шарасына атсалып, көмек қолыңызды созғыңыз келсе, 24-75-25 телефонына хабарласыңыз. Осылайша сіз көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді де бере аласыз.