Бадам тұрғындары құрылысшылармен төбелесіп қалды

455

тобелесЖергілікті жұрт құрылысшылармен қырқысып қалды. Оқыс оқиға Шымкенттегі Забадам елдімекенінде болған.

Осондағы №13 мектеп жұмысшылары тұрғынмен жұдырықтасыпты. Білім ұясына жөндеу жүргізіп жатқан құрылысшылар азық-түлік алу үшін сол төңіректегі дүкенге бас сұққан. Сауда орнында тұрғынның бірімен сөзге келіп, соңы текетіреске ұласқан. Ауылы бөлек азаматтарды жат санаған жергілікті пысықайлар топ болып теперіш көрсетіпті.

Қазір бұл оқиға барысын полицейлер анықтап жатыр. Текетіреске қатысқандар тегіс тергелу үстінде. Әзірге тұрмыстық бұзақылық бабы бойынша қылмысты іс қозғалыпты. Күдікті ретінде бір азамат ұсталған. Ал мектепті жөндеуді мойнына алған мердігер бұл оқиғаны жасырмақ болды. Тіпті арнамыздың түсіру тобына кедергі келтіріп, мектептің маңайына жолатқысы да келмеді.