Бала сатқандар сотталды

371
Бала сатқандар сотталды

Шымкентте бала сату фактісі бойынша қозғалған қылмысты іске нүкте қойылды. Екі жыл жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыс бойынша перинаталдық орталықтың меңгерушісі мен акушер-гинекологтың қылмысы әшкереленген. Бөлім меңгерушісі 11 жылға, акушер гинеколог 10 жылға сотталды.

Бала сатқандар сотталды

Жалпы, нәрестелерді сатуға қатысты бұл іс қоғамды екіге бөлді. Бірі дәрігерлер ата-ана болуды армандаған баласыз отбасыларына сәби сыйлап, жәрдемдесті деген пікірді ұстанды. Оған қоса анасы бас тартқан балдырғандарды жетім статусынан қорғап қалды деп есептейді. Ал екінші тарап бала сатумен айналысқандар өз қызметін пайдаланып, табысқа кенелгеніне сенімді. Нәтижесінде акушер гинеколог 11 жылға бас бостандығынан айрылса, бұрынғы меңгеруші 10 жылды түзету колониясында өткізетін болды.

Әбинұр Қарабаев, судья: «Алдамжароваға қатысты 10 жыл бостандығынан айыру және де мүкін тәркілеу жазасы қолданылсын. Және де бір жыл мерзімге медициналық мекемелерде басқару қызметінен айрылады.»

Ал екінші сотталған әйелдің кәмелетке толмаған баласы балалар үйне жолдануы мүмкін.

«Мәмекованың кәмелетке толмаған баласына қатысты және де заңсыз асырап алынған балаларға қатысты қаулы тиісті органдарға жолданды.»

Перзентханада нәрестелерді сату фактісін прокурорлар былтыр маусымда анықтаған. Тескеруді облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы жүргізді. Қылмыстық іске барған 6 күдікті болыпты. Тексеру амалдары барысында екі айыпталушы облыс прокуратурасымен процессуалды келісім түзіліп, нәтижесінде Шымкент қаласындағы перинаталды орталықтың екі қызметкері анықталған. Олар — акушер-гинеколог пен бөлім меңгерушісі. Тексеру барысында жүздей сапартама, оның ішінде нәрестелердің нағыз ата-анасын анықтау бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілген.

Бала асырауға қатысты жалған құжаттар жасалған — туу туралы медициналық куәліктер, нәрестелердің жетулі жайында құжаттар. Әйелдер жалға алған пәтерлерде және Шымкенттегі перзентханалардың бірінде босандырылған.Одан кейін медициналық қызметкерлер баланы асырап алу және бірқатар себептермен баладан бас тартқан жөнінде ақпараттармен алмасып отырған.

Тексеру бір жыл жүргізілді. Тергеу амалдары және шұғыл іс-шаралар Шымкентте, Таразда, Астана, Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласында өтті. Жиналған материалдар 46 томға жетті.

Судья Әбинұр Қарабаев іс жабық режимде қаралып жатқандықтан, процеске БАҚ өкілдері қатыспайтынын түсіндірді. Іс барысында баланы асырап алу фактілері бар, сондықтан біз балалардың құқығын таптамауымыз керек деді. Үкім 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.