«Денсаулық» пойызы Оңтүстіктің шалғай ауылдарында медициналық қызмет көрсетуде. 21 шілдеден басталған бұл акция бүгін Ленгір қаласындағы Тоғыс станцасында жалғасты. Таңғы сағат 9-дан жұмысын бастаған дәрігерлерге кезек күткен халықтың қатары қалың. Басым бөлігі кардиолог, офтольмолог сынды мамандардың қабылдауында болды.
Бір тәуліктің ішінде денсаулық пойызы 200 адамға дейін қабылдауда. Айта өтейік, теміржол бойындағы медицина қызметі ертең Түлкібас ауданындағы Састөбе станциаясына жол тартады. Яғни, 2 және 4 тамыз аралығында жергілікті тұрғындарға таңғы сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін ақысыз әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жанар Шағырбаева, «Денсаулық» пойызының бас дәрігері: » Біздің пойызда 15 маман бар. Олар — кардиолог, офтольмолог, стаматолог, терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог сынды дәрігерлер. Сондай-ақ, пойызда қажетті медициналық жабдықтар орнатылған. Мәселен, ЭЛФК және УЗИ, флюраграфия аппараты бар. Сондай-ақ, арнайы қан талдамаларын жүргізу үшін лаборатория жұмыс істейді.»