Емханалар енді egov порталы бойынша жұмыс істейді

353
Студенттік емхана

Студенттік емханаБұдан былай дәрігерге жазылу, үйге шақыру сынды қызметтедір үйден шықпай-ақ ғаламтар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бұл үшін кез келген азаматтың электронды кілті болуы керек.

Сол арқылы egov порталына кіріп, медициналық қызметтер бағытын таңдап, қажетті көмекті ала аласыз. Сондай-ақ, әр азамат интернеттегі қызметті алу үшін жеке сәйкестік нөрімін де білуі қажет. Өйткені медициналық мекемелерде азаматтарға көрсетілетін қызметтер тек осы жеке куәліктегі сандар тізбегіне байланысты көрсетіледі.

Қазір Шымкент қаласындағы барлық емханаларда egov порталы бойынша жұмыс істеу қолға алына бастады. Алайда, емделушілер арасында әзірге электронды қызметті қолданушылардың қатары сирек.