ОҚО ескекшілері – әлем чемпиондары

512

Оңтүстіктің ескекшілері тағы да ерледі. Бұл жолы ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар екеулік каноэда 1000 метрге жарысып, алтыннан алқа тақты.

Белорусь астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында осылайша Оңтүстіктің қоржынына екі бірдей медаль салынды.

Оның бірі осы алтын болса, екіншісі – қола медальді жеке каноэда 200 метрге ескек есуде Сергей Емельянов алды. Әлем чемпионатындағы екінші орынды румындықтар еншілесе, украиналық спортшылар алғашқы үштікті қорытындылады.