Шымкентте экс-депутат сотқа келтірген мүліктік кепіл негізінде тергеу кезінде қамауда отырмайтын болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты пара берді деген күдікпен ұсталғаны бұған дейін жазылған еді.
«Белгілі болғандай, Сопбеков колледждегі қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы А.Бекболатұлы арқылы ОҚО білім басқармасындағы лауазымды тұлғаға 3 миллион теңге көлемінде пара берген.
Ол үшін шенеунік білім ордасына мемлекеттік грант алып беруі тиіс болған» делінген хабарламада. Енді экс-депутат сотқа келтірген мүліктік кепіл арқылы тергеу кезінде қамауда отырмайтын болды.