Салық мамандары рейдке шықты

269
Салық мамандары рейдке шықты

Шымкентте салық мамандары рейдке шықты. Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары үй-үйді аралап жүріп, мүлік салығын төлеу бойынша ұйғарымдарды тұрғындарға таратуда. Салықшылар тек қағаз таратып қоймай, тұрғындарға міндетті төлемдерді мерзімінде өтеуді түсіндіруде. Қазіргі таңда тек ескерту жасалады. Ал 1 қазанға дейін жер, мүлік салығын төлемеген салық төлеушілерге қатысты шара көріледі дейді сала мамандары.

Салық мамандары рейдке шықты

Дарияқұл Сатыбалдиев, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі: «Салығын төлемеген азамат айыппұл төлейді. Былтыр, мысалы, 5000-ға жуық салық төлеушіге 45 млн теңгеге айыппұл салынып, ісі сот органдарына жеткізілді.»

Салық мамандары рейдке шықты

Абай ауданы бойынша 60 743 нысан тіркелген. Мүлік салығын төлеушілердің саны 54 000-ға жуық. Айта кететін жәйт, Қаратау ауданына өткен 8 849 тұрғынның есебінен салық төлеушілердің қатары кеміген. Алайда осыған қарамастан биылға бекітілген жоспар 134 пайызға орындалған. Бұл дегеніміз — мүлік салығынан қазынаға 134 млн теңге түскен, ал жер салығынан 62 млн теңге түскен. Жоспар 103 пайызды құрайды.

Жер, мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Сондықтан да міндетті төлемдер бойынша уақытында есеп айырысқаныңыз дұрыс.