Қожанов көшесін жөндеу жалғасуда

230

Қаланың көлік инфроқұрылымын дамыту мақсатында бір ғана Шымкентте оншақты ірі көше жолы жаңалануда. Бүгінгі таңда Қожанов көшесінің құрылысы қарқын алған.

Құрылысшылар кеңейтілген көшенің жиегіне бордюр орнатып, жаяу жүргіншілер жолын салуға кірісіп кетіпті. Құрылыс барысында тұрғындардың өтініші де ескерілуде. Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жолдың бойындағы электр жүйелері толық жаңаланып бітіпті. Былтырдан биылға өтпелі нысан жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс.