Шымкенттегі Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы № 8 мектеп-гимназиясында Шерхан Егізбаевқа арналған кабинет ашылды. Білім ордасының үздік оқушысы, халықаралық олимпиадалар жүлдегері болған шәкірт атына берілген оқу бөлмесі заманауи талапқа сай жабдықталған. Білім күніне орай жасалған бұл игі шараны марқұмның отбасы қолға алып отыр.
Атаулы күнге орай салтанатты түрде пайдалануға берілген кабинетке Шалқар Егізбаев есімі берілді. Ол осы мектепте оқып білім алған. Небәрі 26 жасында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген шәкірт аз ғана ғұмырында көп белесті бағындырған. Халықаралық олимпиадалар жүлдегері атанып, іргелі оқу орнынан білім алған ол қызметтік баспалдақта да жемісті келе жатқан еді.
Заманауи талапқа сай жабдықталған кабинетте информатика пәні өтеді. Білім күніне орай пайдалануға берілген оқу бөлмесі шәкірттер көңілінен де шықты.
Осылайша Шалқар Егізбаев білім алған мектеп-гимназия да бүгін шәкірттерге есігін айқара ашты. Қоңыр күздің бірінші күнімен келетін алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Өнерпаз жастар шырқаған әуезді әуендер салтанатты шараның шырайын келтірді. Келешек ұрпақты елжандылыққа шақыратын патириоттық әндер де нақышында орындалып жүректерге жол тапты.