Бүгіннен бастап бос қалған халық қалаулыларының орнына кандидаттарды іріктеу басталды. Бұл жолы сайлау Түркістан қаласындағы №25 сайлау округінде өтеді.
30 қазанға белгіленген додада жаңа депутат сайланады. Облыстық мәслихат аппаратының жаңа басшысы Керімхан Қадырбековтың айтуынша, келесі сессия қыркүйек айының соңында өтеді.
Күн тәртібіне облыс әкімінің есебі тыңдалады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, құрылыс басқармасының басшысы да халық қалаулыларының алдында есеп береді.