Газ таратушылардың сенім телефоны іске қосылды

355

Бүгіннен бастап газ берушілердің Қазақстан бойынша сенім телефоны іске қосылды. 55 89 64 телефон нөміріне хабарласу арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің жұмысшыларының үстінен шағымдануға болады.

Барлық қоңырау автожауап беру қызметіне жазылып алынып, тіркеледі және тиісті қызметке жолданады деп сендіреді жауаптылар. Мұнымен қоса сіздер ватцап қызметі арқылы 8771 543 31 28 нөмірімен байланыса аласыздар. Бұдан бөлек электронды пошта да іске қосылған – dvkiur@ktga.kz. Газ берушілер осылайша тұтынушылармен кері байланыс орнатамыз деп отыр.