Көп балалы ана көмек сұрайды

493
Көп балалы ана көмек сұрайды

Көп балалы ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. Әсел Ибрагимова — алты баланың анасы. Он жыл отандасқан күйеуі бір күннің ішінде әйелді шиеттей бала-шағасымен тастап кеткен.

Содан бері жалғызбасты ана өлместің күнін кешуде. Аядай ғана бөлмені жалдап тұратын ол кейде бала-шағасына күнделікті ас-ауқатын тауып беруден қиналамын дейді. Бір тілім нанға зар болған отбасы кей күндері көше шығып, қайыр тілейді.

Көп балалы ана көмек сұрайды

Көп балалы ананың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Қалалық білім бөлімінің қызметкерлері жанұядағы үш балаға мектеп формасын және оқу құралдарын алып берді. Сондай-ақ жасөспірімдерді оқу кезінде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Балалары мектепке барғанымен, ішетін астары жоқ. Жағдайының қиындығына қарамастан келіншек алты бала-шағасын өзім бағып-қағам деп, намысқа тырысады. Өкініштісі сол, кейді ашқұрсақ ұйықтауға мәжбүр. Амалсыздан көпшіліктен көмек сұрап, қайырымды жандардың көңілін аудартуға көнді.

Көп балалы ана көмек сұрайды

Егер қайырымды жандар болса, суретте көрсетілген Ибрагимова Әсел Жетібайқызы атындағы халық банкінің есеп-шотына қаржы аударса болады.