Оңтүстікке Германиядан мамандар келді. «Голден номад» тігін фабрикасы «Аға сарапшылар қызметі» бағдарламасы аясында шетелдіктердің тәжірибесін оңтайлы пайдаланып отыр. Облыстағы ерлер мен әйелдер костюмін тігетін жалғыз кәсіпорында дизайнерлер тапшы.
Осынау олқылықтың орнын толықтыру үшін шетелдік аға сарапшылар мұндағы мамандарды оқытып, әлемдік стандартқа сай киім үлгілерін үйретуде. Екі апта ішінде өз тәжирбесімен бөлісетін германдықтар жергілікті жұмысшыларға заманауи технологияларды меңгеруіне көмектеседі.
Бұл — неміс дизайнерлерінің 2016-2017 жылдарға ұсынған әйелдерге арналған сырт киімдері. Осыған дейін қыз-келіншектер мен ерлерге, балаларға арнап костюмдер тігіп келген жергілікті фабрика маусым қарсаңында жаңаша дизайнда сырт киімдердің үлгілерін ұсынбақ. Бүгіннің өзінде шетелдік сарапшылардың көмегімен тігілген модельдердің бірқатары дайын.
Айта кетейік, бүгінде облыстағы ерлер мен әйелдер киімін тігетін жалғыз фабрикада дизайнерлер жеткіліксіз. Кәсіпорын басшылығы осынау олқылықтың орнын толтыру үшін шетелдік сарапшылардың көмегіне жүгінуде.
Кәсіпкерлер екі жақты әртіптестік өз жеімісін беретінін сенімді. Биылғы маусымда қыз-келіншектер жергілікті мамандардың шетелдік сарапшылармен бірігіп дайындаған сырт киім үлгілерін киіп шығуына мүмкіндігі бар.