Оңтүстіктің су көздері пайдаға асады

430
Оңтүстіктің су көздері пайдаға асады
Фото: \prumysl.cz

«Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында облыс аумағындағы өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеді. Нәтижесінде 4 негізгі өзеннің ағысы зерделеніп, техникалық-экономикалық әлеуеті бар 43 нүкте анықтаған. Олардың жиынтық қуаты 120 мВатты құрайды.

Оңтүстіктің су көздері пайдаға асады
Фото: \\prumysl.cz

Талғат Алпысбаев, «Шымкент ӘКК» ҰК АҚ басқармасы төрағасы: «Біз қазір облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тартудамыз. Алғашқы нәтижелер жаман емес. Бүгінде түрік компаниясымен бірлесе отырып Түлкібас ауданында қуаты 4 мВатт, құны 6 млн АҚШ долларын құрайтын шағын гидроэлектрстанциясын салу үшін бірлескен кәсіпорын құрылды. Жобаны іске асыру 2017 жылға жоспарланған.»

Бұдан бөлек облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 мВатт шағын ГЭС жобасын іске асырды. Тағы 2 жоба әзірлену үстінде. Инвестиция тарту арқылы Оңтүстікте шағын гидроэнергетика саласын одан әрі дамыту мақсатында «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мүделлі тұлғаларға өзен ағысының энергетикалық әлеуетін зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар корпорация басқармасы шағын гидроэлектростанциялар жобаларын іске асыру кезінде кәсіпкерлерге қажетті консультациялық қолдау көрсетеді.

Мәлік Жүйріктаев, «Шымкент ӘКК» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары: «Қазір Словения, Қытай, Польша, Ресей инвесторларынан ұсыныстар түсіп жатыр.»

Сондай-ақ өңірдегі Көксарай су реттегішінің бойынан шағын электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Егер инвесторлар табылса, экономикалық өсімге оң әсерін тигізері анық.