//
Шаруалардан көктемгі несиеге құжат қабыладу басталды Жаңалықтар 

Шаруалардан көктемгі несиеге құжат қабылдау басталды

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» шағын несие ұйымы биылғы қыркүйек айынан бастап 2017 жылғы көктемгі егіншілік жұмыстарына несие алушылардың құжаттарын қабылдауды бастады. Мұндағы мақсат – диқандардың қаржыны дер кезінде алып, орынды әрі тиімді пайдалануларын қамтамасыз ету.

Шаруалардан көктемгі несиеге құжат қабыладу басталды

Құжаттар ешқандай комиссиялық шығындарсыз, мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қаралады. Мақұлданса, келер жылы ақша бөлінісімен құжаты дайын азаматтарға бірден таратылу жоспарлануда.

Қаржыландырудың басты шарттары:

  • Негізгі қарызды және несие бойынша пайыздарды өтеу – мерзім соңында;
  • Мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарылған несие үшін айыппұл есептелмейді.

Егін егу-жинау жұмыстарына бөлінетін қаражат жеке тұлғалар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға басым бағытқа ие барлық дақыл түрлері үшін беріледі. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 9% құрайды.

Қаржыландыру 2 түрде жүзеге асырылады:

  • 2 транштық несие желісі;
  • бір мезеттік несие;

Кепілдікке жер телімін немесе басқа қосымша кепіл затын ұсынуға болады. Қазіргі таңда қаржы орталығы тарапынан 2017 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру бойынша бірқатар іс-шара атқарылуда. Атап айтсақ, қаржыландыруды жедел жүзеге асыру үшін ОҚО аудандарында суб-офистар құрылды. Сондай-ақ, көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыру ең басым бағыт ретінде қаралып, аталмыш бағыт бойынша келіп түсетін өтінімдерді қарастыру мерзімі мүмкіндігінше қысқартылды.

Облыс тұрғындарына және шаруаларға қаржыландыру шарттарын түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қыркүйек және қазан айларында арнайы жұмысшы топ құрылып, барлық қала, аудан орталықтары және ауылдық округтерде жиыналыстар өткізіп, жиын кезінде несие алуға ниет білдіргендердің құжаттарын қабылдау да жоспарлануда. Барлық диқандар өз қалаларында, аудандарында немесе ауылдарында өтетін жиналысқа келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын талқылау және құжаттарын тапсыру  мүмкіндігіне ие. Жиналыстың өтетін жері және мерзімі туралы ақпарат алу үшін барлық аудан-қала әкімдіктерімен байланысуға болады. Айта кетейік, жеңілдетілген несиеге кез келген шаруа қол жеткізе алады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz