Қазақ халқына мың алғыс! Шымкентте жөнделіп жатқан «Қоғамдық келiсiм» мекемесі ғимаратының алдында тұрғызылатын монумент осылай аталады. Жұмысшылар ғимарат құрылысы аяқталғанға дейін ескерткіш бой көтеру үшін барын салып жатыр.
Биіктігі 7 метрден асатын бұл монумент толықтай ақ мәрмәр тастан жасалады. Материал Ресей елінен тапсырыспен арнайы алдырылуда. Бұл түс этнос өкілдерінің қиын-қыстау кезеңде жатырқамай-жатсынбай құшағын кең жайған Қазақ халқына деген пейілін аңғартады дейді құрылысқа тапсырыс берушілер. Достық пен ынтымақтастықты ту еткен бұл нысанның әр бөлігінде үлкен мән-мағына жатыр дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов.