Шымкентте тон жәрмеңкесі өтіп жатыр*

Шымкентте тон жәрмеңкесі өтіп жатыр

Шымкенттіктер үшін биыл ішік таңдауда қиындық тумайтын секілді. Қаламызда тондар жәрмеңкесі жалғасуда. Бұл жолғы көрмеде сіздер Ресейде тігілген «Союз меха» зауытының өнімдерін еркін таңдай аласыздар. Көрмеде бағалы құндыздар мен түлкі жағалы тонның алуан түрі бар. Ал ер-азаматтар сүйіктілеріне әлемдік дизайнерлердің эксклюзивті тондарын сыйлап, қуанта алады.

Шымкентте тон жәрмеңкесі өтіп жатыр

Ресейлік «Союз меха» компаниясы жоғары сапалы өнімдерімен әлемге танымал. Бірінен-бірі өтіп, көздің жауын алатын тонның ішінен таңдау жасау да оңай емес. Мұндағы мамандар биыл түрлі аң терілерінен қиюластырып тігілген тондар мен ашық түсті ішіктердің сәнге айналғанын айтады.

Виталий Калинский, «Союз мех» жәрмеңкесінің директоры: «Тон жәрмеңкесі 16 қыркүйектен бастап ашылды. Бірнеше күн ішінде келушілерден тыным болған жоқ. Әрине, ол бізді қуантты. Осыған орай жәрмеңкені 3 қазанға дейін жалғастырамыз. Тондардың барлығы арнайы сызба-үлгімен тігілген. Биыл 2016 жылдың эксклюзивті модельдерін көп алып келдік. Бағасы да қолжетімді. Көңілдеріңізден шығары анық.»

Шымкентте тон жәрмеңкесі өтіп жатыр

Өзіндік тәсілмен тігілген қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер мен тондар, өнімнің түр-түрі осында. Көрмеге келген шымкенттіктерге бұл тондардың сапасы да, бағасы да ұнады. Зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өнімнен едәуір арзан. Мутон, яғни, австралия қойының терісінен тігілген тондар да сәннен қалмайды. Жүргізуші әйелдерге арналған қысқа тондар да сұранысқа ие. Сәнқойлар эксклюзив үлгідегі киімдерді бірден алуда.

Бұлғын ішік, қаракөл елтірісінен тігілген тон, тағысын тағылар сіздің де көңіліңізден шығары анық. Мұнда сіз тондардың барлық өлшемін таба аласыз. 38-ден 72-өлшемге дейін бар. Дене бітімі толықтар да мұнда өзіне қажетті сырт киімді қиналмай таба алады. Классикалық үлгілердің де таңдауы кең. Ең бастысы — тауарларға жеңілдіктер бар. Саудаласуға да болады. Тіпті, банк арқылы бөліп төлеп, несиеге де рәсімдей аласыз. Ендеше, мүмкіндігіңізді мүлт жіберіп алмаңыз. Тондар жәрмеңкесі орталық көрмеде 3 қазанға дейін жалғасады.

* — жарнама