Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шықты

163
Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шықты

Енді полицейлерге қатысты арыз-шағымдарды үйде отырып-ақ бере аласыз. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі Skype-конференцияны іске қосты. Іске қосылған тың жүйе алғаш рет облыс орталығында қолға алынып отыр.

Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шықты

Тұрғындар ә дегеннен тәртіп сақшыларының іс-әрекетін сынға алды. Қарапайым ғана жол ережелерін сақтамайтын полицейлерді енді басқарма басшысы қадағалайтын болады. Замануи технологияны ұтымды пайдаланған орған өкілдері енді қала тұрғындарымен қонақтарының мұң-мұқтажын ғаламтор арқылы тыңдайтын болды. Осылайша олар өз жұмыстарының сапасын жетілдіріп, халыққа жақындай түсеміз дейді.

Шағымданушылардың дені жол сақшыларының жұмысына наразы. Тіпті рейдтік шаралардың шарапаты аз деп хабарласқандар да болды. Сондай-ақ арнайы белгілердің орнатылмауын сынға алып, басқарма басшысының назарын аударды. Скайп конференцияға жұмысына салғырт қарайтын учаскелік полицейлердің әрекетіне қатысты арыз-шағымдар да түсті.

Айта кетейік бұл жобаны елімізде алғаш рет жергілікті полицейлер қолға алып отыр. Скайп конференцияға Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің сайты арқылы қосылуға болады.