ВИЧ-ке шалдыққан науқастар енді онлайн режимде ем қабылдай алады. Осынау қатерлі дертті жұқтырғандар жоғары білікті маманның көмегіне жүгіну үшін Астана, Алматы қалаларына барып, сабылмайды. Бұл үшін облыстық Спид орталықтарында әр апта сайын телекөпір ұйымдастырылады.
Жаңа тәсілдің денсаулықты жақсартуда тиімді тұстары көп дейді мамандар. Өйткені облыстық Спид орталағындағы дәрігерлер республикалық арнайы медициналық мекеменің мамандарымен келісе отырып, қауіпті жағдайда науқасты емдеу жолдарын бірге қарастырады. Осының нәтижесінде ВИЧ індетін жұқтырғандар жоғары білікті маманның көмегіне жүгіну үшін Алматы, Астана қалаларына барып, сабылмайтын болады.
Қожахмет Маширов, облыстық Спид орталығы бас дәрігерінің орынбасары: «Біздің орталықта онлайн кездесу өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Бұл үшін орталықта компьютер және вэб-камералар орнатылған. Осының көмегімен телекөпір ұйымдастырып, республикалық орталықтағы мамандармен байланысқа шыға аламыз.»
Жаңа жүйе «ЕСНО» жобасы бойынша іске аспақ. Бұл бағдарлама 2003 жылдан бері әлемнің 15 елдерінде оң нәтижелерімен жүзеге асырылып келеді. Аталған жүйе бойынша жұмыс істеу үшін миллиондаған қаржының қажеті жоқ. Ең бастысы, сапалы интернет пен компьютер және камералар болса, жеткілікті. Айта кетейік, жаңа жоба бойынша бүкіл Қазақстандағы Спид орталықтары әр апта сайын телекөпір өткізіп тұруы тиіс.