Оңтүстіктің мамандары бір жылдан бері неміс технологиясын ұтымды қолданып келеді. Дуальды оқыту жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлер Германияның бизнеске қажетті мамандарды даярлау тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алып отыр.
Бүгінде күнгей кәсіпкерлері неміс мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Шетелдіктер оқу жоспарларын дайындап, тіпті, қолданыстағы жүйелерге өзгерістер енгізуде. Бір сөзбен айтқанда жергілікті кәсіпорындардың заманауи технологияларды ұршықтар иіріп әкетуіне көмектесіп жатыр. «Атамекен» ҰКП мен Трир қаласының қолөнер палатасы бірлесіп қолға алған жоба 2017 жылға дейін жалғасады. Бағдарлама баламасы Африка, Малайзия және Америка елдерінде қолданыста.