«Нұр Отан» партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

235
"Нұр Отан" партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында кезекті ашық қоғамдық қабылдауы өтті. Бұл жолы көмек сұрап келгендер азаматтардың құқығын қорғаушылардың үстінен арыздана келіпті. Билік партиясына үміт артқандар тек Шымкент қаласынан емес, өңіріміздің аудандарынан да келген.

"Нұр Отан" партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

Түлкібас ауданының тұрғыны Асанбек Мырхамытов аудандық ішкі істер қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайды. Құрылыс материалдарына ақша берген азаматтан енді арызданушы не ақшасын, не құрылыс материалдарын қайтара алмай әлек.

"Нұр Отан" партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті
Холбибі Боранқұлова

Тұрлан елдімекенінің тұрғыны Холбибі Боранқұлова Сайрам аудандық жеке сот орындаушысының іс-әрекетін заңсыз деп есептейді. Азаматтық құқығыма нұқсан келтірген қызметкерге тиісті шара көрілуі тиіс дейді екінші топтағы мүгедек.

Ашық қоғамдық қабылдауға қатысқан сала мамандары бұл мәселеге қатысты тексеру жүргізіп, қорытындысымен шағымданушыны жазбаша түрде таныстырамыз деп уәде берді.

"Нұр Отан" партиясының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті
Малика Ахмедова

Қарасу ауылының тұрғыны Малика Ахмедова күйеуінен алимент өндіре алмайтынын айтып көмек сұрап келіпті. Бұл азаматша да енді үмітін үзбейді. Қолдау болатынына сенімді.