Оңтүстікте бір жылдың ішінде мыңнан аса ата-ана балаларына екпе салудан бас тартқан. Дәрігерлер биылдың өзінде бір ғана туберкулез ауруына қарсы вакцинаны 257 жасөспірім салдырмаған деп тіркеген. Өйткені балалардың ата-аналары егуге қарсылық танытыпты. Дәрігерлердің айтуынша, бұл қарсылық олардың денсаулығына қауіп тудырады.
Сәуле Серікбайқызы дәрігер-фтизиатр: «Биыл 257 бала туберкулез ауруына қарсы екпені алмады. Өйткені ата-аналары қарсылық танытуда. Мұндай ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Екпеден бас тартқандардың көбі жат ағымдағылар.»
Дәрігерлер екпе алмаған балалар өздеріне ғана емес, қоғам үшін де қауіпті деп дабыл қағады. Балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, нәтижесі шамалы. Сондықтан мамандар мемлекет тарапынан мұндай ата-аналарға заң шеберінде шара көруді ұсынуда.