Облыстық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасы үшінші рет жасалды*

Облыстық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасы үшінші рет жасалды

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері бүйрек алмастыруға қатысты үшінші операция өткізіп, сәтті аяқтады. Арада екі апта өткен соң науқас өзін жақсы сезінуде. 40 жастағы Мырзамұрат енді ауруханадан шығып, отбасымен қауышатын сәтін асыға күтіп отыр. Ал осыдан небәрі екі апта бұрын оның өмірі гемодиализ жасайтын аппаратқа тәуелді еді.

Облыстық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасы үшінші рет жасалды

Осыдан екі апта бұрын облыстық клиникалық ауруханада бүйрек алмастыруға байланысты үшінші ота сәтті аяқталды. Науқасқа өзінің туыстарының бірі бүйрегін беріпті. Мырзамұраттың өмірін сақтап қалу үшін, қарындасы донор болған. Операциядан кейін 7 күн өткенге дейін дәрігерлердің бақылауында болған донор азаматша ауруханадан үйіне шығарылды. Ал бүгін Мырзамұрат та ауруханадан қайтады.

Айта кету керек, бүгінде ауруханада 200-ге жуық науқас осындай ота жасаудың кезегінде тұр. Науқастарға егін жасалатын мұндай отаның біреуіне мемлекеттік 3 миллион теңгесі жұмсалады.

* — жарнама