Шымкентте билейтін керік пен ақылды мүйізтұмсық өнер көрсетті

Шымкентте билейтін керік пен ақылды мүйізтұмсық өнер көрсетті

Шымкентке алғаш рет келген «Африканың алып аңдары» циркі алғашқы ойынын көрсетті. Цирк аренасында — алып мысықтар. Жыртқыш аңдардың ішінде, әсіресе, сирек кездесетін бенгал жолбарысы мен аң патшасы арыстан да осында.

Шымкентте билейтін керік пен ақылды мүйізтұмсық өнер көрсетті

Қолға үйретілген жабайы аңдар қорқынышты көрінгенімен аң үйретушінің айтқанын бұлжытпай орындайды. Тамаша трюктермен көрермендерді таңқалдырған олар барлық әдістерді біледі.

Ресейден келген «Ең алып аңдар» циркінің ерекшелігі сол — сахнада әлем елдерінде сирек кездесетін 20-ға жуық түз жануары өнер көрсетеді. Арасында салмағы 3 тонналық Бонни атты мүйізтұмсық пен Багир атты керік те бар. Олармен тіл табысу оңай емес дейді цирк жетекшілері.

Балаларға ерекше әсер қалдырған тағы бір аң — керік. Төрт аяқты әртістің әрбір қимылы мен ойыны үлкендерге де ұнады.

Дәл осы алып жыртқыш аңдардың ойындарын шымкенттіктер 1 ай бойы сенбі, жексенбі күндері тамашалай алады. Билеттер «Оңтүстік Цирк» кассаларында сатылуда. Асығыңыздар!