Шымкентте екпінді жел ағаштарды сындырды

Шымкенттегі нөсер жауынның салдары жойылуда

Шымкентте құтырынған жойқын желден ағаштар құлап, электр жүйелері үзілді. Табиғаттың тосын мінезінен №9 мектептің жанындағы 50 жыл өскен терек опырылған. Соның салдарынан Желтоқсан және Қазыбек би көшелерінің қиылысында бағдаршам тоқтап, көлік қозғалысы қиындап кетті.

Шымкенттегі нөсер жауынның салдары жойылуда

Оқиға орнына жеткен коммуналды қызмет жұмысшылары жөндеу жұмыстарына бірден кірісті. Абырой болғанда үш оқыс оқиға да түн ішінде болған. Содан болса керек, Құдай сақтағанда зардап шеккендер жоқ. Қазір бригада қала көшелерін аралап, дауылдың салдарын анықтап жүр.