Шымкентте екі бірдей мектеп директоры және балабақша меңгерушісі емтихан тапсырды. Олар білім мекемелерінің басшылық лауазымына конкурс нәтижесінде тағайындалды. Үміткерлер арнайы құрылған комиссия алдында сауалдарға жауап беріп, сарапшылардың елегінен өтті. Ашық конкурс барлық қала-аудандарда жалғасады, дейді жауаптылар.
Қала әкімі төрағалығымен ашық конкурс қатал емтихан іспетті өтті. Үміткерлер бірнеше сұрақтар жазылған билеті бар конверттерді ашып, сұрақтарға толық жауап беруі тиіс. Оған қоса сарапшылар тарапынан да қосымша сауалдар қойылды. Педагогтың еңбек жолындағы марапаттары да ескеріледі.
Сонымен қатар балабақша меңгерушісі де осы конкурс арқылы тағайындалды. Аталған басшылық лауазымға 19 үміткер құжат тапсырған. Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен арнайы комиссия нәтижесі бойынша №67 мектебі және Інжу-маржан балабақшасы қорытындысын алды. Орта мектепті басқаруға ниетті үш үміткерден біліктілігі, басшылық қабілеті жағынан Ханзура Бекжанқызы лайық деп танылды. Ал №166 мектеп директорлары сынақтан сүрінді.
Осы жолы жалпы орта мектептердің жаңа басшылары тағайындалды. Комиссияға білім бөлімінен, мектептерден бөлек қала әкімі аппаратынан да жауапты мамандар қатысты. Сондай-ақ конкурсқа тәуелсіз сарапшылар,тәжірибелі ұстаздары қазылық етті. Бұл бастама өңіріміздегі мектептердің барлығына енгізілмек.