Шымкентте жылу әлі толық қосылмады

319
Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкін

25 қазан Шымкентке жылу беріледі деп белгіленген күн болатын. Енді соңғы мерзім деп, 27 қазан күні аталды. Ал қазір қалада жылу жүйелерін жаңалау жұмысы әлі жүріп жатыр. Соның салдарынан жылу қалаға әлі толық қосылған жоқ. Күн суытқаннан бері берекесі қашқан халық электр қондырғылары мен газ құралдарын қосып, тоңбаудың амалын жасауда.

Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкін

Қожанов көшесіндегі жылу жүйелерін жаңалау жұмысы қарқын алған. Қарағанды, Ресейден жеткізілген полиуретанмен қапталған құбырларда арнайы сым бар. Жылу берушілер сол арқылы жүйеде орын алған ақауларды енді бірден анықтаймыз дейді. Қазір жұмысшылар магистральды құбырларды жалғап, дәнекерлеуде. Мердігерлер жүйенің бұл бөлігін екі- үш күнде аяқтаймыз, жұмысшылар мен техника жеткілікті деп сендіреді.

Сондай-ақ, бұл көшенің Темірлан тасжолымен қиылысында да жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл түйіндегі дәнекерлеу жұмыстары аяқталысымен барлық күш Землячка өткеліндегі жылу жүйесін алмастыруға салынады дейді мердігер. Әзірге мұнда магистральды құбырлар орнатылып, бір-біріне жалғауға дайындалуда.

Ал суық пәтерлерінде отырып, жұмысты терезеден бақылаған № 40 үйдің тұрғындары жылудың жақын арада келмейтінін айтпаса да жақсы біледі. Сондықтан үйлерінде жылы киініп, жатарда бірнеше қабат көрпе жамылуға мәжбүр.

«Жылуды әйтеуір қарашада беретін шығар. Тоңып қалмас үшін барлық амалымызды жасаудамыз. Тесіктерді бітеп, пәтерімізді газбен жылытудамыз. Түнде өз басым үш қабат көрпе жамыламын.»

Қалалық тұрғын үй-коммуаналды шаруашылық бөлімінің мамандары Шымкенттегі жылу кезегімен, 27 қазаннан бастап орталық жүйеге қосылған көп қабатты үйлерге және бюджеттік мекемелерге беріле бастайды дейді. Жылу жүйелерді жаңалауға қаражат жазда бөлінгенде, мүмкін жағдай мүлдем басқаша болатын ба еді? Ал енді, міне, орталық жүйеден жылу алатын шымкенттіктер күн суытқанда бүрсең қағуда.