Қызметінде мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды

Қызметінде мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды

Оңтүстікте қызмет барысында мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болған Жомарт Сәрсенбековтың отбасына үйдің кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыстады.

Қызметінде мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды

Жомарт Сәрсенбаевтің туыстары мен отбасының көңілін аулауға өңір басшысынан бастап марқұмның қызметтестері келді. Құрылысына 11 млн теңге жиналған үй екі жарым айда соғылып бітті. Көлемі 152 шаршы метрді құрайды. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері әріптестерінің отбасына бұған қоса тұрмыстық техникаларын алып берді.

Қызметінде мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды

 

Батырғали Сопбеков, ОҚО ТЖД басшысының міндетін атқарушы: «Құтқарушы мамандығы — өте қиын әрі жауапты іс. Бауырымыздай болып кеткен Жомарттың соңында қалған шиеттей бала-шағасына демеушілердің көмегімен үй салып беріп отырмыз.»

Қызметінде мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды

13 жылдан бері төтенше жағдайлар департаментінде абыроймен қызмет атқарып келген азаматтың соңында жұбайы мен бес баласы қалды. Үлкені 8 жасар болса, ең кішісі жаңа туылған нәресте. Өкінішке қарай, отағасы шаранасының шаттығын көріп үлгермепті.

Ұлжан Сабазова: «Біз 2004 жылдың 30 мамыры күні үйленгенбіз. Биыл 13 жыл болып еді, тура үйленген күні қайтыс болды… Арманы көп еді, биыл үш баламыздың сүндет тойын жасаймыз деп отыр еді…»

Қызметінде мерт болған құтқарушының отбасына жаңа үй табысталды

Еске салайық, биылғы 30 мамырда Төлеби ауданы, Сайрам-Өгем жотасындағы тау шатқалында құтқарушы Жомарт Сәрсенбаев мерт болды. Өзге үшін өз өмірін қатерге тіккен азамат тау басында қалған адамды құтқару кезінде өзі мерт болды…