//
"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы басталды Жаңалықтар 

“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды

Қазақстанда “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы басталды. Осыған орай Қаратау ауданында тұратын қыз-келіншектерге құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша жергілікті полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы басталды

Іс-шара барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесе отырып, әйелдерге қатысты зорлық жасауға бейім адамдармен жеке жұмысты жүзеге асыруды жоспарланды. Сондай-ақ, акция кезінде қолайсыз отбасылар тексерілетін болды.

Айта кетейік, жыл барасынан бері Қаратау ауданы бойынша 1342 құқық бұзушылық тіркелген. Соның 9-ы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Қысымға ұшыраған әйелдердің көбі жұмыссыз дейді инспекторлар. Ал бұл акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz