Қазақстанда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Осыған орай Қаратау ауданында тұратын қыз-келіншектерге құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша жергілікті полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесе отырып, әйелдерге қатысты зорлық жасауға бейім адамдармен жеке жұмысты жүзеге асыруды жоспарланды. Сондай-ақ, акция кезінде қолайсыз отбасылар тексерілетін болды.
Айта кетейік, жыл барасынан бері Қаратау ауданы бойынша 1342 құқық бұзушылық тіркелген. Соның 9-ы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Қысымға ұшыраған әйелдердің көбі жұмыссыз дейді инспекторлар. Ал бұл акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.