Фронт-кеңсеге мыңыншы клиент келді

286

Бүгін Шымкенттегі фронт-кеңсе мамандары мыңыншы тұтынушыны құшақ жая қарсы алды. Мемлекеттік қызмет көрсететін Қазақстандағы бірегей орталықтың өкілдері ештеңені күтпеген азаматшаға сенім артқаны үшін алғыс білдіріп, естелікке сыйлық табыс етті.

Еске сала кетейік, бұл ерекше жоба екі аптадан бері бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істеуде. Енді қандай да бір құжат алу үшін азаматтар түрлі мекеменің табалдырығын тоздырмайды дейді жауаптылар. Ол үшін фронт-кеңсеге жүгінсеңіз болғаны.

Арнайы ID-код арқылы өтініш білдіруші онлайн режимде shymkent.gov.kz сайтынан құжатының орындалуын қадағалай алады. Дайын құжат жайлы ақпарат coll-орталыққа немесе клиенттің электронды поштасына түседі, содан кейін фронт-кеңседен аласыз. Орталықта 400-ге тарта қызмет түрлері көрсетіледі.