Оңтүстікте тауар өндірушілер сайты іске қосылды

444
Оңтүстікте тауар өндірушілер сайты іске қосылды

www.ondiris.kz Бұл — отандық тауар өндірушілердің арнайы сайты. Қазақстандағы бірегей жобаны Оңтүстіктегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іске қосып отыр. Бұл қадам өндірушілер тауарының өнімдерінің өтімділігін жоғарылатуға, сұраныстың артуына оң әсерін тигізеді дейді мамандар. Аталмыш порталдың ерекшелігі сайтқа тіркелген қолдаанушыға жеке профилін өзі қалыптастыруына мүмкіндік беріледі. Ең бастысы — тегін.

Оңтүстікте тауар өндірушілер сайты іске қосылды

Жаңадан ашылған тауар өндірушілер вэб-порталы кәсіпкерлердің жұмысын жандандырады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары осылай дейді. Аталмыш база отандық тауарды өткізудегі күрделіліктерді шешуге көмектесіп қана қоймай, облыс көлемінде орналасқан әр кәсіпорын жайлы анықтама, олардың жаңалықтары жайында толық ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Олжас Тоғаев, «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы: 1Жақында облыс әкімі өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында тауар өндірушілер өнімдерін өткізуде қиындықтарға тап болатынын жасырмады. Ешкімге құпия емес, облыста бір кәсіпорындар ашылмай жатып жабылып жатады. Елбасының өзі ашып кеткен кәсіпорындар тоқтап тұр. Кәсіпкерлерге өз өнімдерін жарнамалауда, өз мүмкіндіктерімен өзгелерді таныстыруға енді «Өндіріс» веб-порталы көмектеседі.»

Арнайы сайттың ерекшелігі — қолданушы кәсіпорынның өнімі, бағасы және ерекшеліктері жайлы мәліметтерді тегін енгізе алады. Бүгінде мұнда облыстың негізгі 14 саласындағы мыңнан астам тауар жайлы ақпарат бар. Енді негізгі сайтпен қатар ondiris7kz мобильді қосымша жасалуда. Таяуда аталмыш қосымшаны Adroid және iOS платформаларына жүктеп алу мүмкін болады дейді жауаптылар. Осылайша бұл игі бастама кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып отыр.

Береке Дүйсебеков, «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары: «Кәсіпкерлер мектебінде біз кәсібін енді ашқан азаматтарға нарықты, сұранысты талдауды үйретеміз. Ісін ашқан азамат қандай өнім шығаратынын, оны қайда сататынын, қандай шикізатпен өзін қамтитынын жоспарлауы тиіс.»

Алдағы уақытта «Өндіріс» веб-порталының қызмет көрсету аясы кеңейтілмек. Сайттың танымалдылығын арттыру және ақпарат алмасу мақсатында отандық сайтармен іскерлік қарым-қатынас орнатып, халықаралық ірі өнеркәсіп орындарының вэб-порталдарына шығу көзделуде.